Директор колледжа

Кульбаева Бақыт Сағындыққызы
Директор, кандидат педагогических наук, доцент.

Правила обращения

22 комментария

    1. Саламатсыз ба, Нұрсәт! 2019-2020 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытуға бірқатар мамандықтарға облыстық білім басқармасына және облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныстар берілді.

    1. Саламатсыз ба, Гүлбану Қонысбаева! Колледжде тамыз айының аяғында ата-аналардан өтініштер қабылданып, қажетті анықтамалары тіркеліп, бас директорға қарастыруға жіберіледі. Жеңілдіктер көпбалалы отбасына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балаларға, бір отбасынан бірнеше бала оқыған жағдайда белгілі бір мөлшерде жеңілдікдер беріледі.

  1. Саламатсызба?
    Алдағы оқу жылында білім алушылардың І ауысымда оқуына мүмкіншілік бар ма?

    1. Саламатсыз ба, Серікжан! 2019-2020 оқу жылына алға қойған жоспар бойынша барлық топтарды І ауысымға оқыту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

  2. Саламатсыз ба, Бақыт Сағындыққызы! Колледжді бітіргеннен кейін, студенттерді колледжде немесе басқа жұмыс орындарына орналастыру сіздер тарапынан қарастырылған ба?

    1. Саламатсыз ба, Алия! Колледжді бітіріп, диплом алғаннан кейін кейбір мамандықтар бойынша жоғары білімді талап етеді, сондықтан біздің тарапымыздан ЖОО-на түсуге бағыт-бағдар беріледі, қалған мамандықтар бойынша мүмкіндішгінше тәжірибе орындарына жолдама беріп, жұмысқа орналастыруға тырысамыз, кеңес береміз. Колледж бен білім алушылар арасында жасалған келісімшарт бойынша жұмысқа орналастыру қарастырылмаған.

    1. Саламатсыз ба, Дильназ! Соңғы курста мамандығы бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіледі, бірақ сол жұмыс орнынан анықтама қағазы берілуі тиіс.

  3. Бақыт Сағындыққызы!
    Сәлеметсіз бе!
    Медсестра мамандығы бойынша вечернее отделение бар ма?
    Осы жылы 9-сыныпты аяқтайтын едім.

    1. Саламатсың ба, Айсана!
      Біріншіден, «Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (өзгерістер енгізілген 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 398 бұйрығы.) сәйкес «Мейіргер ісі» мамандықтарына кешкі оқу түріне жол берілмейді.
      Екіншіден, 9-сынып (негізгі орта білім) негізінде түсетін болсаңыз күндізгі оқу түрінде 3 жыл 10 ай білім ала аласыз.

  4. Саламатсыз ба, Бақыт Сағындыққызы. Алдағы оқу жылында дуальды оқыту жүйесі бойынша оқитын топтар қарастырылған ба?

    1. Саламатсыз ба, Назерке.
      Колледжімізде дуальды оқыту жүйесі 2017 жылдан бастап жолға қойылған. Ағымдағы оқу жылынан «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алушылар оқытылып жатыр және алдағы оқу жылында да осы мамандық бойынша жүргізіледі. Жұмыс берушілер тарапынан ұсыныстар түсіп, келісімшарттар дайындалуда, әлі де жандандырамыз деген жоспарымыз бар.

    1. Сәлеметсіз бе, Гүлдана.
      2019 жылы колледжімізде «Емдеу ісі» мамандығы (фельдшер біліктілігі) ашылды. 2020-2021 оқу жылынан бастап осы мамандыққа түсе аласыз. 9-сыныптан кейін оқу мерзімі: 3 жыл 10ай.

  5. Саламатсыз ба, Бақыт Сағындыққызы. Оқу орындарынызда жатақхана бар ма және егер оқуға түссем маған жатақханаға орналасуға мүмкіндік болады ма? Мен Қызылорда облысынан едім.

    1. Саламатсыз ба, Айсауле. Колледжіміз қазіргі таңда 70 орындық жатақханамен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта орын санын арттыру жоспарымызда бар.Ең алдымен талапкерлердің әлеуметтік жағдайын және басқа облыстан келгендігін ескере отырып орналастырамыз.

    1. Саламатсыз ба. Бұл сұрақ бойынша жұмыстар 2020-2021 оқу жылына жоспарланып отыр. Жоспар бекітіліп, қажетті құжаттар дайындалғаннан кейін колледждің сайтында, әлеуметтік парақшаларымызда хабарлайтын боламыз. Сондай-ақ кабылдау комиссиясына құжаттар тапсыру кезінде біле аласыз.

  6. Здравствуйте, так получилось что мне пришлось бросить учёбы из за семейных обязательств. В данный момент хочу перепоступить, возможно ли это? Или же забрать документы.

    1. Здравствуйте, Диана.
      Для рассмотрения Вашего вопроса, нам нужно уточнить по какой специальности и в каком промежутке вы обучались. Для получения полной информации просим Вас связаться по номеру 8(7132)513600.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *